×
541.01
640.34
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.01
640.34
6.52

«Келісілген ойындар» мен бас бапкер төңірегіндегі дау: Қазақстан футбол федерациясы бас хатшысының жауабы

«Келісілген ойындар» мен бас бапкер төңірегіндегі дау: Қазақстан футбол федерациясы бас хатшысының жауабы
ulysmedia коллажы

Алматы іргесіндегі Талғар қаласында орналасқан Қазақстан футбол федерациясының футбол академиясына FIFA Talent Academy мәртебесі берілді. Шара барысында Ulysmedia тілшісі Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лориямен тілдесіп, премьер лига командалары арасындағы «келісілген ойындар» дауы мен жеңілуден көз ашпай келе жатқан ұлттық құрама бас бапкеріне қатысты сұрақтар қойды.  

«Мен оның өтірік болғанын қалар едім»

Давид Лория Қазақстан премьер лигасындағы командалар келісілген ойындар өткізеді деген даудың өтірік болғанын қалар едім деді. Сөзінше, федерация футболдың әділ әрі бәсекеге қабылетті болуы үшін жұмыс істеп жатыр.

«Мен оның өтірік болғанын қалар едім және ол ондай емес деп үміттенемін. Комментаторлардың айтқандары, олар өздерінің жеке пікірлерін айтып жатыр. Біздің федерацияның мақсаты – футболдың әділ, әдемі және бәсекеге қабілетті болуы», – деді ол.

Давид Лория, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы

«Қазақстанда бүкіл клуб келісілген ойын ойнайды»

Бұған дейін спорт журналисі Ермұхамед Мәулен Қазақстан премьер лигасында клубтар келісілген ойындар ойнайтынын бірнеше мәрте айтқан.

«Бір клубтың бас бапкері, бір клубтың спорт директоры, бір клубтың президенті делік. Сұхбат беріп, баспасөз мәслихатына келіп, «масқара, төрешілік бірдеңе» дейді де, келесі турда өздері төрешілермен сөйлесіп, келісілген ойын ойнап жатады. Осы дұрыс па енді?.. Қазақстанда бүкіл клуб сөйтіп жатыр», – деген Ермұхамед Мәулен Fonteam You Tube арнасындағы подкасттардың бірінде.

Ермұхамед Мәулен, спорт журналисі. Фото: Ашық дереккөзден

«Барлығын уақыты келгенде білесіздер»

Давид Лория Ulysmedia-ның футболдан ұлттық құрама бас бапкеріне қатысты сұрағына жауап беруден бас тартты. Ол «барлығын уақыты келгенде білесіздер» деп қысқа қайырды.

«Жігіттер бас бапкерге қатысты жаңа сұрады. Біз айттық, бас бапкерге қатысты уақыты келген кезде білесіздер...», – деді федерация бас хатшысы.

Әли Әлиев, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері. Фото: kff.kz

Сүреңсіз ойын, бас бапкердің отставкасы

Қыркүйектің басында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Бельгиядан 0:6 есебімен ойсыра ұтылғаннан кейін бас бапкер Әли Әлиев қызметінен кететінін мәлімдеген.

«Қысқа ғана айтқым келеді: жеңілісті өз мойныма аламын, бұл – менің кінәм. Футболшылардың еш қатысы жоқ. Елге оралған соң бірден жұмыстан кету жөнінде арыз жазамын», – деген Әлиев матчтан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

FIFA академиясы

Бүгінгі шараға FIFA-ның жаһандық даму жөніндегі директоры Стивен Мартинс және ұйымның өзге де өкілдері қатысты. Жиында Мартинс сөз сөйлеп, академияның ашылуы Қазақстан футболына тың серпін беретінін айтты.

Әлем бойынша FIFA-ның 30-дан астам таланттар академиясы жұмыс істеп тұр. Соның бірі Талғарда ашылған академия. Жоба FIFA мен Қазақстан футбол федерациясының ынтымақтастығы аясында ашылған. Ол жас футболшыларды халықаралық стандарттар мен әдістемелерге сай даярлауға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары