×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Кәсіпкерден тәркіленген мың бөтелке коньяк аукционға шығарылды

02.02.2022, 12:38
Фото: ашық дереккөзден

Кәсіпкердің қарыздары үшін тәркіленген ішімдік мемлекеттік сайтта саудаға қойылды деп хабарлайды, ulysmedia.kz.

Электрондық сауда алаңының сайтында қазақстандық және грузиндік коньяк пен итальяндық «Мартинидің» ірі партиясын сату туралы хабарландыру жарияланды деп жазды Курсив.

Алкогольді ағылшындық аукцион әдісі бағаны көтеру арқылы сауданбақ. Лоттың сипаттамасына келсек, 1 039 бөтелке коньяк және 18 бөтелке мартини ұсынылған. Тауарды проблемалық кредиттер қоры борышкерден  (Көкшетауда тіркелген фирманың "ZEVS LTD" ЖШС) өндіріп алған.

Осы партия үшін бастапқы баға - 1,4 млн теңге. Көлемі 0,5 литр бюджеттік коньяк бөтелкесінің орташа нарықтық бағасы кемінде 1 800 теңгені құрайтынын ескере отырып, сауда-саттыққа қатысушылар үшін тұтас партияны сатып алу дистрибьютордан сатып алудан арзанырақ шығатынын байқауға болады.

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ өзін банк жүйесіндегі несие портфелінің сапасын жақсарту жөніндегі стратегиялық міндетті орындау үшін, қарыздарды тазарту процесінде банктерге жәрдемдесу үшін құрылған мекеме. Қор ҚР Қаржы министрлігіне қарайды.

Серіктес жаңалықтары