×
541.68
636.26
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.68
636.26
6.48

Алматыда полиция ұсталған адамның қалтасына белгісіз нәрсе "салып жіберген"

Бүгін, 13:39
Алматыда полиция ұсталған адамның қалтасына белгісіз нәрсе "салып жіберген"
Видео кадры

Алматыда полиция ұсталған адамның қалтасына белгісіз нәрсе салып жіберген видео тарады. Алайда полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ВИДЕО

Әлеуметтік желіде Алматыдағы ұстау сәтінің видеосы тарады. Желіде тараған бейнежазбада полицей ұсталған адамның қалтасына бір затты салып жатқандай көрінген. Әлеуметтік желі қолданушылары бірден «қалтасына айғақ салып жіберді» деген болжам жасады.

 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Алматы қаласы полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Полицияға пәтерді тәуліктік жалға алған азаматтар жалдау ақысын төлемегені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барған. 

- Тексеру барысында екі адам ұсталды: біреуі кәмелетке толмаған, екіншісі – кәмелет жасына жеткен.  Кәмелетке толмаған бала ата-анасына тапсырылды, ал ата-анасына қатысты бала тәрбиесінде жауапкершілікті орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелетке толған азамат алкогольдік масаң күйде болып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Аталған құқықбұзушылықтар үшін ол жауапкершілікке тартылды, дейді полиция департаментінің өкілі. 

Полиция мәліметінше, әлеуметтік желілерде тарап жатқан бұл азаматтың есірткі сақтау дерегі бойынша ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. 

- Бейнежазбада полиция қызметкерінің ұсталған азаматтың қалтасынан түсіп қалған жеке затын қайтарып жатқан сәті бейнеленген. Ұсталған азаматқа ешқандай тыйым салынған заттар “тасталған” жоқ, дейді полицейлер. 

 

Серіктес жаңалықтары