×
544.26
634.72
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.26
634.72
6.52

Рудный қаласының прокуроры ұсталды

Бүгін, 08:01
Рудный қаласының прокуроры ұсталды
Фото: Рудный әкімдігінен

Рудный қаласының прокуроры қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

Арнайы операция

Ведомство таратқан дерекке сәйкес, 2025 жылдың 28 қыркүйегінде Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімі ҰҚК департаментімен бірлесіп арнайы операция жүргізген.

Өз қатарында құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында … қылмыстық жаза қарастырылған әрекетке күдікті ретінде Рудный қаласының прокуроры ұсталды. Қазіргі таңда қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Қосымша мәлімет берілмеді

Прокуратура өкілдері ҚПК-нің 201-бабына сілтеме жасай отырып, істің мән-жайын жария ету шектелгенін айтты.

Прокурор кім?

Рудный қаласының прокуроры қызметін 2024 жылдың қыркүйегінен бері Мұрат Успанов атқарып келеді. Бұған дейін ол Қостанай облысының Арқалық қаласы прокуратурасын басқарған.

Серіктес жаңалықтары