×
549.15
643.88
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.15
643.88
6.71

АҚШ Украинаға Ресей нысандарына соққы жасауға қажет барлау деректерін береді

Бүгін, 09:55
АҚШ Украинаға Ресей нысандарына соққы жасауға қажет барлау деректерін береді
Скриншот

АҚШ Украинаға Ресей аумағындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасауға қажет барлау деректерін береді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

The Wall Street Journal  мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп тиісті бұйрық шығарған. Басылым бұл жөнінде өзінің АҚШ билігіндегі дереккөздеріне сүйеніп жазды. АҚШ Еуропадағы одақтастарын ресейлік мұнай өңдеу зауыттары, құбырлар және басқа да энергетикалық инфрақұрылым бөліктері туралы ақпаратты Киевке беруге шақырған.

Бұған дейін Трамп әкімшілігі Киевке Украина шекарасынан қашықта орналасқан Ресей нысандары туралы барлау деректерін бермеген.

Ақ үй сонымен бірге Украинаға орта қашықтықтағы қанатты зымырандарды, соның ішінде «Томагавк» мен «Барракуданы» жеткізу мәселесін талқылап жатыр. Бірақ әлі шешім қабылданған жоқ. 

Сарапшылардың пікірінше, Дональд Трамп бұл қадамға атысты тоқтату талпынысы нәтиже бермеген соң барып отыр. Ол осылайша АҚШ Украинаны қолдауды арттыруға дайын екенін көрсеткісі келеді.

Тамыз айының соңында Ақ үй Киевке 500 шақырымға дейінгі нысанаға соққы бере алатын жаңа үлгідегі «әуе-құрлық» зымыранын жеткізуді мақұлдаған.

Серіктес жаңалықтары