×
549.15
643.88
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.15
643.88
6.71

Эммануэль Макрон: Еуропа Ресейден төнген қауіпті дер кезінде бағаламады

Бүгін, 13:43
Эммануэль Макрон:  Еуропа Ресейден төнген қауіпті дер кезінде бағаламады
Фото: ашық дереккөзден

Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропа Ресейден төнген қауіпті дер кезінде бағаламағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Эммануэль Макрон FAZ басылымына сұхбат берді. Онда ол Ресейден төнетін қауіпті терроризммен қатар атап, Еуропа оған дер кезінде назар аудармағанын айтты.

«Ресей біздің ұжымдық қауіпсіздігімізге қауіп төндіруде. Сайлау науқанына араласу, кибершабуылдар, оппозиционерлерді өлтіру және миграциялық ағымдарды қысым жасау құралы ретінде пайдаланып отыр», – деді Макрон.

Франция президенті Еуропаның ашық қоғамы ақпараттық шабуылдарға қарсы тұруға әлсіздік танытып отыр деді.

«Егер Ресейдің құпия армиясы біздің демократиялық жүйемізде жұмыс істеп жатқанын байқамасақ, онда немқұрайлыққа бой алдырған болар едік. Бұл армия – сансыз, беймәлім цифрлық боттардан тұрады. Олар Франция, Германия, жалпы тұтас Еуропадағы демократиялық процестерді манипуляциялауда», – деді ол.

Макрон Ресей ұшағы Еуропа әуе кеңістігіне рұқсатсыз кірсе, оны атып түсіру мәселесіне байланысты: «Стратегиялық белгісіздік жағдайында доктринаға сай, ештеңені жоққа шығаруға болмайды» деді. Оның сөзінше, Батыс Мәскеудің алдында әлсіздік танытпауы тиіс.

Сондай-ақ, ол Ресейге қарсы санкциялар тиімді, бірақ «көлеңкелі флот» –санкцияларды айналып өтетін 800-ге жуық кемені — нысанаға алу қажет екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары