×
546.96
642.73
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
546.96
642.73
6.7

Бірнеше қалада заңсыз майнинг фермалары анықталды

Бүгін, 11:49
Бірнеше қалада заңсыз майнинг фермалары анықталды
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда цифрлық активтерді заңсыз өндіруге қатысты 17 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

2024 жылдың басынан бері жалпы 1,3 млрд теңгеге залал келтірген 17 қылмыстық іс тіркелді. Ең жиі анықталған заңсыз майнинг фермалары Астана қаласында – 6, Шымкент пен Қостанайда – 3 жағдайдан тіркелген.

Аталған істер аясында 642 мың АҚШ доллары көлеміндегі цифрлық активтер тәркіленді.

Айта кету керек, кейбір заңсыз майнинг фермалары электр энергиясын ұрлау арқылы жұмыс істеген (5 ферма). Олардың тұтынған энергия көлемі ірі қаланың шығынына тең. Сондай-ақ фермалар орналасқан аймақтардағы тұрғындардың тыныштығын бұзу фактілері тіркелген.

Электр энергиясын заңсыз тұтыну салдарынан ресурстар нақты бизнес-жобаларға, өнеркәсіпті дамытуға және әлеуметтік нысандарды қамтамасыз етуге бағытталмайды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитетінің деректеріне сәйкес, соңғы үш жылда майнинг саласынан бюджетке 17 млрд теңгеден астам қаражат түскен. Бұл салаға тиімді реттеу қажеттігін көрсетеді.

 

 

Серіктес жаңалықтары