×
545.67
636.41
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
545.67
636.41
6.57

Украина барлауы Ресейдің жаңа диверсия жоспарын ашты

Бүгін, 23:55
Украина барлауы Ресейдің жаңа диверсия жоспарын ашты
Ашық дереккөзден

Украина президенті Владимир Зеленский Еуропада Ресейдің «көлеңкелі флоты» арқылы диверсиялық әрекеттер мен тұрақсыздық орнату әрекеттерінің алдын алу мақсатында барлау қызметі серіктес елдермен тығыз жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАРЛАУ ҚЫЗМЕТІ РЕСЕЙ ӘРЕКЕТІН БАҚЫЛАУДА

Зеленскийдің айтуынша, Украина серіктес мемлекеттерге Ресейдің әрекеттері туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отыр. Ол бұл бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың одан әрі күшеюіне үміт білдірді.

«Қазір ресейліктер танкерлерді тек соғысқа ақша табу үшін ғана емес, барлау және диверсиялық мақсаттарда да пайдаланып отыр. Мұның бәрін тоқтату әбден мүмкін», – деді Украина президенті.

Зеленский бұл туралы Украина Сыртқы барлау қызметінің басшысы Олег Иващенкомен кездесуден кейін Telegram-да жазды.

РЕСЕЙ ДИВЕРСИЯҒА ҚАТЫСЫН ТЕРІСКЕ ШЫҒАРДЫ

Ресей билігі бұған дейін Еуропадағы диверсиялық әрекеттерге қатысы бар деген айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарған болатын.

ЕУРОПА РЕСЕЙ ФЛОТЫНА ҚАРСЫ САНКЦИЯ КҮШЕЙТТІ

Бұған дейін, қыркүйек айында Еуропалық комиссия Ресейге қарсы 19-шы санкциялар пакетін бекітті. Оның аясында Ресейдің «көлеңкелі флотына» тиесілі 118 кемеге санкция салынды. Бұл флоттың Еуропа мен әлемдік теңіз жолдарында заңсыз әрекеттер жасап, санкцияларды айналып өтуге тырысып жүргені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары