×
541.63
632.24
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.63
632.24
6.61

Данияда жасөспірімдерге TikTok пен Instagram-ды шектеу ұсынылды

Бүгін, 09:00
Данияда жасөспірімдерге TikTok пен Instagram-ды шектеу ұсынылды
Ulysmedia.kz коллажы

Дания үкіметі 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы премьер-министр Метте Фредериксен мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұған дейін билік балалардың гаджетке тәуелділігін азайту мақсатында мектептер мен ұзартылған топтарда ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салған болатын. Елдің жастардың әл-ауқаты жөніндегі комиссиясының дерегінше, дат жасөспірімдерінің 94%-ы әлеуметтік желілерде аккаунттарын 13 жасқа дейін-ақ ашады. Бұл – көптеген платформалар бекіткен жас шектеуінен төмен.

9 бен 14 жас аралығындағы балалардың TikTok пен YouTube-та күніне орта есеппен үш сағат өткізетіні анықталған. Әзірге билік бұл тыйымды қалай жүзеге асыратыны белгісіз. Дегенмен елде бастамаға қолдау жоғары — 2024 жылы 50 мың адам кәмелетке толмағандарға TikTok, Snapchat және Instagram қолдануға тыйым салу жөніндегі петицияға қол қойған.

Премьер-министр Метте Фредериксеннің айтуынша, егер ата-аналар қауіпсіз деп санаса, олар балаларына 13 жастан бастап әлеуметтік желілерді пайдалануға рұқсат бере алады.

КОНТЕКСТ

Осындай бастамалар өзге елдерде де кеңінен таралып келеді. Аустралияда желтоқсан айынан бастап 16 жасқа дейінгі азаматтарға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салу күшіне енеді. Франция парламенті 15 жасқа дейін шектеу енгізіп, жасөспірімдер үшін «цифрлық коменданттық сағат» енгізуді ұсынды.

Ал Ұлыбританияда балаларды зиянды контенттен қорғамаған платформаларға табысының 10%-ына дейін айыппұл салынуы мүмкін. Қазақстанда да 2024 жылы сенат депутаты Геннадий Шиповских TikTok желісін реттеу шараларын күшейту қажеттігі жөнінде сауал жолдаған болатын.

Серіктес жаңалықтары