×
541.63
632.24
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.63
632.24
6.61

Наразылар Эквадор президентінің кортежіне шабуыл жасады

Бүгін, 10:10
Наразылар Эквадор президентінің кортежіне  шабуыл жасады
Фото: Karen Toro/REUTERS

Наразылар Эквадор президенті Даниэль Нобоаның кортежіне тас лақтырылды. Елде жанармай бағасының қымбаттауына байланысты наразылықтар болып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Эквадорда наразылар ел президенті Даниэль Нобоа отырған көлік кортежіне шабуыл жасады. Оқиға 7 қазан, сейсенбі күні елдің орталығындағы Каньяр провинциясында болған. Бұл жөнінде Эквадор президентінің әкімшілігі X желісінде хабарлады.

Қоршаған ортаны қорғау министрі Инес Мансаноның айтуынша, Нобоа Каньярда су тазарту станциясының ашылуына бара жатқан кезде оның кортежін жүздеген адам қоршап алған.

«Шамамен 500 адам келіп, тас лақтыра бастады. Президенттің көлігінде оқ ізі бар екені анық», – деп министр AFP агенттігіне.

Президент әкімшілігі шабуылға ұшыраған көліктердің фотоларын және оқиға кезінде көліктердің бірінен түсірілген видеоны жариялады.

БАҚ мәліметінше, кортежге жасалған шабуылға байланысты кемінде бес адам ұсталған. Президент әкімшілігі олардың "терроризм және кісі өлтіруге оқталу" баптары бойынша жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

Контекст

37 жастағы Даниэль Нобоа Эквадор президенті қызметіне 2023 жылдың қазан айында келген. Ол кезектен тыс сайлауда жеңіске жетіп, 2025 жылдың сәуірінде қайтадан президент болып сайланған. Екі жолы да Нобоа сайлаудың екінші кезеңінде ғана жеңіске жетіп, социалист Луиза Гонсалеспен бәсекеде аз ғана басымдықпен алға шыққан.

Даниэль — Эквадордың ең бай адамдарының бірі саналатын Альваро Нобоаның ұлы. Саясатқа келмей тұрып, ол отбасының банан экспорттайтын Noboa корпорациясында жұмыс істеген. Даниэльдің әкесі Альваро да кезінде саясатпен айналысқан және бірнеше рет президенттікке үміткер болған, бірақ ешқашан жеңіске жете алмаған.

Серіктес жаңалықтары