×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қарулы қақтығыс басталған Эквадорда қанша қазақстандық бар

11.01.2024, 07:42
Ашық дереккөзден

Эквадордағы бүлік кезінде бұл елде тұрып жатқан қазақстандықтардың жапа шекпегені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отандастарымыз аман

Қазіргі уақытта Эквадорда тұрақты негізде тұратын 7 ҚР азаматы бар, барлығы консулдық есепте. Олардан басқа бұл елге турист ретінде барған 3 адамнан тұратын қазақстандық отбасы бар. Консул олардың барлығымен хабарласып, тікелей байланыс орнатты, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары туралы тиісті нұсқаулық берді. Зардап шеккендер арасында ҚР азаматтары жоқ, - деп жазылан ресми хабарламада. 

Оқиғаның мән-жайы

Естеріңізге салсақ, Эквадор президенті Даниэль Нобоа елде қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеді. Бұған жергілікті қылмыс тобының лидерінің түрмеден қашып кеткені себеп болды.

Елде қақтығыстан кемі он адам қаза тапқаны хабарланды. Қаза болғандар арасында полицейлер де бар.

Эквадор астанасы Кито ортасына танкілер қойылған. Елдің қарулы күштерінің қолбасшысы Хайме Вела "бұйрықта көрсетілген әр террорлық топ әскерилердің нысанында" деп мәлімдеді.

21 топтың көзі жойылмақ

Нобоа бұйрығында 21 топты көрсетіп, олардың көзін жоюды тапсырған.

Primicias сайтының мәліметінше, полиция тәртіпсіздікке қатысқан 18 адамды ұстаған.

9 қаңтарда маска киген бірнеше адам Гуаякиль қаласындағы TC Televisión телеарнасының кеңсесіне қарумен басып кіріп, бірнеше журналисті кепілге алған. Жағдай 15 минут бойы тікелей эфирде тараған. Кадрда атыс дауысы да естілген.

Гуаякиль қаласындағы дүрбелең

Кейін арнайы қызмет телеарна ғимаратын қоршғауға алып, шабуылдағандарды ұстағанын хабарлады. Associated Press агенттігінің жазуынша, күштік құрылымдар олардан қарулар мен жарылғыш заттар тәркілеген.

Бұған дейін қарулы топтар Гуаякиль қаласында полиция бөлімшелеріне, мектептер мен университеттерге шабуылдаған. Қарулы топ мүшелері полицейлер мен түрме қызметкерлерін ұрып жатқан видеоларды да таратқан.

El Universo газетінің жазуынша, Эквадорда түрмелерде бүлкі шығып, кейін террорлық деп танылған Los Choneros бандиттік тобының лидері Адольфо Масияс Вильямар түрмеден қашып кеткен соң ел президенті Нобоа төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат енгізген еді.

Серіктес жаңалықтары