×
541.63
632.24
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.63
632.24
6.61

Билік белсенділерге үш бірдей қалада митинг өткізуге рұқсат бермеді

Бүгін, 13:09
Билік белсенділерге үш бірдей қалада митинг өткізуге рұқсат бермеді
Көрнекі сурет. Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның үш қаласында бірдей белсенділерге қымбатшылыққа қарсы митинг өткізуге рұқсат берілмеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

«Белсенділер экстремист емес» телеграм арнасының жазуынша, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының әкімдіктері белсенділерге қымбатшылыққа қарсы митинг өткізуге рұқсат бермеген. Белсенділер 25 қазанда митинг өткізгісі келген. Бірақ әкімдік жауабында ол уақытта белсенділер көрсеткен жерде басқа шара өтетінін немесе ақпарат толық еместігін айтқан. Мысалы, Шымкент әкімдігінің 2 қазан күні жіберген жауабында «Бейбіт жиын өткізу туралы» заңның 14-бабына сәйкес (толық емес ақпарат) өтініш орындалмағаны жазылған.

Контекст

«Белсенділер экстремист емес» құқық қорғау тобының мәліметінше, 2020 жылдың 30 шілдесінен бастап 2025 жылдың 8 қазаны аралығында бейбіт жиын, бір адамдық пикет немесе шеру өткізу туралы кемінде 713 өтініш орындалмаған. 27-сі биыл тіркелген.

Бұған дейін Оралда да бірқатар белсенділер қымбатшылыққа қарсы митинг өткізуге рұқсат ала болатын.

2020 жылы қабылданған «Бейбіт жиын өткізу» туралы заңды билік «демократияға қадам» деп бағалағанмен құқық қорғаушылар аталған заңда бұрынғы шектеулер сақталып қалғанын айтады.Олардың сөзінше, заң жергілікті атқару органдарына бейбіт жиын өткізу туралы өтінішті орындамауға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары