×
541.63
632.24
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.63
632.24
6.61

«Сергектен» шаршағандар үшін жақсы жаңалық

Бүгін, 19:25
«Сергектен» шаршағандар үшін жақсы жаңалық
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда жол қозғалысы ережесін бұзуды автоматты түрде анықтайтын аппараттық-бағдарламалық кешендерге (жол бақылау камераларына) арналған бірыңғай тексеру аралығы бекітілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Шешім жол қозғалысын автоматты бақылау жүйелерінің сенімділігін арттыру және олардың техникалық қызмет көрсету тәртібін біріздендіру мақсатында қабылданған.

ЕНДІ ЖОЛ БАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ЖЫЛ САЙЫН ТЕКСЕРІЛЕДІ

«Тексеру аралығын бір жыл етіп белгілеу — камералардың жұмысындағы ақауларды дер кезінде анықтап, бақылауды күшейтуге және автоматты тіркеу жүйелеріне деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді. Бұрын берілген тексеру сертификаттары өз мерзімі біткенге дейін жарамды болып қала береді», – делінген Сауда және интеграция  министрлігінің хабарламасында.

«СЕРГЕК» ЖӘНЕ ҰҚСАС ЖҮЙЕЛЕР ДЕ ЖЫЛ САЙЫН ҚАТАҢ ТЕКСЕРУДЕН ӨТЕДІ

«Бұл шешім жол ережесін бұзуды тіркеуші барлық аппараттық-бағдарламалық кешендерге, соның ішінде "Сергек" және соған ұқсас жүйелерге де қатысты. Барлық құрылғылар жыл сайын міндетті тексеруден өтеді», – деп мәлімдеді министрлік өкілдері.

АСТАНАДА «СЕРГЕКТІ» АЛМАСТЫРАТЫН ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Айта кетейік, бұған дейін желтоқсан айында Астанада жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жаңа бейнебақылау жүйесі орнатылатыны хабарланған. Жоба қазіргі «Сергек» жүйесін алмастырады деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары