×
541.63
632.24
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.63
632.24
6.61

Қыс ерте түсті ме: синоптиктер ауа райы болжамын жасады

09.10.2025, 00:10
Қыс ерте түсті ме: синоптиктер ауа райы болжамын жасады
Әлеуметтік желіден

«Қазгидромет» РМҚ мәліметінше, 9 қазанда елдің 13 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түнде Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде ауа температурасы –3 градусқа дейін төмендейді. Өңірдің солтүстігінде өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Ұлытау облысының шығысында өрт қаупі жоғары, ал оңтүстігіндеаса жоғары деңгейде қалуда.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетеді, әсіресе солтүстік және таулы аймақтарда күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз 15–20 м/с болады. Өңірдің батысы, солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары, ал солтүстік-батысы мен оңтүстігінде – аса жоғары. Орал қаласында да өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қостанай облысының батысы, солтүстігі және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Ал өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман, солтүстік-шығысында және тауларда желдің екпіні 15–20 м/с.Түнде облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігі және тауларында –1...–3°С аяз күтіледі. Тараз қаласында да түнде жер бетінде –2°С аяз байқалады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығы мен шығысында шаңды дауыл болады.Жел 15–20 м/с, ал өңір бойынша аса жоғары өрт қаупі сақталады.Қызылорда қаласында да күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Ақмола облысының солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі.Желдің екпіні 15–18 м/с, ал өңір бойынша өрт қаупі жоғары. Ақтау қаласында да желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында шығыстан және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз 15–20 м/с дейін күшейеді. Өңірдің солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында – аса жоғары, ал солтүстік-шығысында – жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да өрт қаупі өте жоғары деңгейде.

Серіктес жаңалықтары