Қазақстан ұлттық құрамасының әрі "Қайрат" клубының жас жұлдызы Дастан Сәтпаев желідегі парақшасында үнсіздікті бұзып жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Дастан Сәтпаев желідегі парақшасында қазақ футболының көрермендеріне арнап жазба жариялады. Онда жас футболшы бапкерлер тарапынан шектеу қойылғанын, себебі денсаулығында екенін жазған.
“Өкінішке қарай ұлттық құраманың соңғы ойындарына қатыса алмаймын. Соңғы матчта жарақатым болып. Медициналық штаб ұлттық құраманың ойындарына қатысуға шектеу қойды. Жаттығу жасап ертерек денсаулығымды қалпына келтіруге тырысып жатырмын. Барлықтарыңыздың қолдауларыңызға көп рақмет” – деп жазды Дастан Сәтпаев.
Айта кетейік, ертең Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатына іріктеу аясында өз алаңында Лихтенштейн құрамасын қабылдайды. Ойын Астана Арена стадионында өтеді.
ДАСТАН СӘТПАЕВ
Дастан Талғатұлы Сәтпаев — 2008 жылдың 12 тамызында Алматы қаласында дүниеге келген қазақстандық футболшы. Ол шабуылшы позициясында ойнайды және қазіргі таңда «Қайрат» футбол клубының негізгі құрамында өнер көрсетеді. Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы. 2025 жылдың 2 наурызында Премьер-лигадағы алғашқы голын «Астана» клубына қарсы соқты. 2025 жылдың қаңтарында ағылшынның «Челси» клубымен 2029 жылға дейін келісімшартқа отырды. Трансфер құны — 4.3 миллион еуро. Алайда клуб сапына 2026 жылдан бастап қосылады.