×
541.54
629.16
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.54
629.16
6.64

Банктің бұрынғы қызметкері алаяқ болып шықты

Бүгін, 20:05
Банктің бұрынғы қызметкері алаяқ болып шықты
Әлеуметтік желіден

34 жастағы әйел адам ипотека рәсімдеуге және жылжымайтын мүлік сатып алуға көмектесемін деп уәде беріп, азаматтарды алдағаны үшін күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАНК ҚЫЗМЕТКЕРІ БОЛҒАН КҮДІКТІ 12 АЛДАУШЫЛЫҚ ФАКТІСІМЕН ТЕРГЕУДЕ

Қазір бұрынғы банк қызметкеріне тергеу жүргізіліп жатыр.

"Бұрын банк қызметкері болған әйел бірнеше алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды. Ол таныстарына ипотекалық несие рәсімдеуге, баспана мен көлік сатып алуға көмектесемін деп сендіріп, оларды шатастырған. Қазіргі таңда 12 алаяқтық эпизоды бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – делінген полиция хабарламада.

50 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ЗИЯН КЕЛТІРІЛГЕН

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 50 миллион теңгеден асты. Көп жағдайда алданғандар – жеке кәсіпкерлер. Жәбірленушілердің бірі ипотека рәсімдеуге көмектесемін деген уәде үшін күдіктіге 23 миллион теңгеден астам қаражат берген.

БҰҒАН ДЕЙІН

Астанада 6 науқасқа мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен клиника дәрігеріне қатысты үкім шығарылған еді.

Алаяқ-дәрігер өзінің қызметін жұмыс орнында ұсынған, алайда шын мәнінде мұндай көмек көрсетуге құқығы болмаған. Алдап алған 4 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын ол жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Ақтөбеде жүзден аса адамды сан соқтырған халық емшісі 6 жыл 8 айға сотталды.

Сұлушаш есімімен өңірге танымал келіншек науқастарға миллиондап несие алдырған. Қызығы сол, алданғандар қалай басы айналып қалғанын білмейді. Сотта нақты жәбірленуші деп 136 адам танылды. Оның ішінде емшінің ет жақын туыстары да, сыныптастары мен ауылдастары да бар. «Дем саламын» деп, бәрінің басын айналдырған.

Серіктес жаңалықтары