×
538.63
622.23
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.63
622.23
6.71

Украин босқындары Германия экономикасының жаңа бөлігіне айналды

Бүгін, 22:05
Украин босқындары Германия экономикасының жаңа бөлігіне айналды
Әлеуметтік желіден

Германиядағы шамамен 15 900 кәсіпорында жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес, соңғы екі жылда Украинадан келген босқындардың еңбек нарығына тартылу үлесі үш есеге өскен. 2024 жылдың соңына қарай олардың үлесі Германиядағы барлық жұмыс істейтін азаматтардың 0,6 пайызын құраған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РЕСМИ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН

Нюрнбергтегі Еңбек нарығы мен мамандықтарды зерттеу институтының мәліметінше, 2022 жылдың соңында бұл көрсеткіш 0,2 пайыз болған. Осылайша, 2024 жылдың соңында Германияда 242 мыңға жуық украиналық босқын ресми түрде жұмыс істеген.

Зерттеу IAB институтының үнемі өткізіп отыратын сауалнамасына негізделген, оған шамамен 15 900 кәсіпорын қатысады. Сол деректерге сәйкес, украиналық босқындардың үштен екісінен астамы қызметкерлер саны 10-нан 249-ға дейінгі шағын және орта кәсіпорындарда жұмыс істейді.

Институт өкілдері бұл оң өзгеріске Job Turbo бағдарламасының әсерін нақты бағалау әзірге қиын екенін атап өтті. Бұл бағдарлама 2024 жылы Германия үкіметі бастамасымен іске қосылған және босқындарды еңбек нарығына тезірек бейімдеуге бағытталған.

— Job Turbo бағдарламасының тиімділігін бағалаудың алғашқы көрсеткіші – кәсіпорындардың бұл бағдарлама туралы хабардар болуы, — делінген IAB есебінде.

700 МЫҢНАН АСТАМ УКРАИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАДЫ

Германияның Еңбек жөніндегі федералдық агенттігінің дерегінше, 2025 жылдың наурызына дейін Германияда 701 мың украин азаматы жұмыссыздар мен аз қамтылғандарға арналған әлеуметтік көмек — Bürgergeld («Бюргергельд») алуға құқылы болған. Оның ішінде 502 мыңы еңбекке қабілетті жастағы (15–66 жас аралығындағы) азаматтар. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда шамамен 4300 адамға азайған.

IAB зерттеуінде көрсетілгендей, жәрдемақы алушылардың 58 пайызы кәсіби біліктілікті қажет етпейтін көмекші жұмыстарға орналасуға тырысса, 36 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүр. Сонымен қатар, 2025 жылдың мамыр айында шамамен 24 мың украин азаматы Еңбек агенттігі (Jobcenter) ұйымдастырған неміс тілі курстарына қатысқан.

Германия үкіметінің коалициялық келісіміне сәйкес, 2025 жылдың 1 сәуірінен кейін елге келген украин босқындары бұрынғыдай негізгі әлеуметтік төлемдер алмайды. Олар босқындарға арналған жәрдемақы туралы заңға сәйкес қолдау алады.

Серіктес жаңалықтары