×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Lenovo директорын өлтіруге тапсырыс берген адам ұсталды

17.10.2025, 18:20
Lenovo директорын өлтіруге тапсырыс берген адам ұсталды
Instagram: @yermek

Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстан азаматы ұсталды. Оған Lenovo Kazakhstan компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директоры Ермек Жакипжановты өлтіруге тапсырыс берді деген айып тағылып отыр. Ер адамға Интерпол іздеу салған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЕРГЕУ

Тергеу мәліметінше, қылмыстың басты себебі – қаржылық келіспеушілік. Күдікті техника жеткізгені үшін ірі көлемде қарыз болған және осы қарызды қайтармау мақсатында тапсырыспен кісі өлтіруге барған деген болжам бар.

ТЕРГЕУ БАРЫСЫ

Қылмысты орындағандар деп танылған тұлғалар Қазақстанда қамауға алынған. Ал Дубайда ұсталған қазақстандыққа Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша – «тапсырыспен адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылмақ.

Қазіргі уақытта күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

АДАМ ӨЛІМІ

Еске салайық, былтыр 9 қазанда таңертең үйінен шыққан соң хабар-ошарсыз кеткен Ермек Жақыпжанов есімді ер адамның мәйіті табылды. 

ЖАҚЫПЖАНОВ 

Ермек Жақыпжанов – Lenovo компаниясының Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Түрікменстандағы мемлекеттік институттармен жұмыс жөніндегі директоры. Ол мемлекеттік тапсырыс берушілермен өзара әрекеттесуге және білім беру секторы үшін корпоративтік шешімдерді сатуға жауап береді. Lenovo-ға дейін Жақыпжанов Технодом-ның корпоративтік сатылымдар жетекшісі болған. Оған дейін 10 жылдан астам Қазақстандағы SAP серіктестік желісінің басқарушысы және СБМ директоры болып жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары