×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Трамп Украинадағы соғысты екі апта ішінде аяқтауға болатынын айтты

Бүгін, 10:15
Трамп Украинадағы соғысты екі апта ішінде аяқтауға болатынын айтты
Bloomberg

Дональд Трамп соғысты жақын уақытта аяқтауға нақты мүмкіндік бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Вашингтонда Владимир Зеленскиймен кездесуі кезінде Трамп Украинадағы соғыс Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуіне дейін аяқталуы мүмкін екенін айтты.

АҚШ президенті бұған дейін Си Цзиньпинмен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммиті аясында кездесуді жоспарлап отырғанын, ол 31 қазан мен 1 қараша аралығында Оңтүстік Кореяда өтетінін хабарлаған еді.

ДОНАЛЬД ТРАМПТЫҢ СӨЗІ

– Үш президентті бір үстелге жинау қажет. Мен делдал-президент боламын. Бұл кездесудің сәтті өтуі үшін дипломатиялық тұрғыда жұмыс істеу керек. Бұл мен аяқтайтын тоғызыншы соғыс болмақ. Бұл соғысты тоқтату – мен үшін үлкен мәртебе. Мен Украина және Ресей халықтарының татуласқанын қалаймын, – деді ол.

КОНТЕКСТ

16 қазанда Трамп Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен еді.

Серіктес жаңалықтары