Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен өткен келіссөздердің нәтижесі жөнінде айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Зеленскийдің сөзінше, кездесу екі сағаттан астам уақытқа созылып, мазмұнды әрі нақты өткен.
– АҚШ президенті Дональд Трамппен екі сағаттан аса нақты әрі мәнді әңгіме өрбіді. Бұл әңгіме соғыстың аяқталуын шын мәнінде көмектесе алады. Біз барлық маңызды мәселені: майдандағы жағдайды, алыс қашықтықтағы соққы құралдары мен әуе қорғанысын, сондай-ақ дипломатиялық мүмкіндіктерді талқыладық, – деді Украина басшысы.
Зеленский Ресей «өзі бастаған және әдейі созып отырған» агрессияны тоқтатуға тиіс екенін атап өтті.
– Біз АҚШ-тың қысымына үміт артамыз, – деді ол.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, Владимир Зеленскиймен Вашингтондағы кездесуде Дональд Трамп Украинадағы соғыс Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуге дейін аяқталуы мүмкін екенін айтқан.
АҚШ президенті бұған дейін Си Цзиньпинмен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитінде (АТЭС), яғни 31 қазан мен 1 қараша аралығында Оңтүстік Кореяда өтетін жиында кездесуді жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.