×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

ЕО ауғанстандық мигранттарды тезірек депортациялауды талап етті

Бүгін, 15:31
ЕО ауғанстандық мигранттарды тезірек депортациялауды талап етті
Pixabay.com

Еуроодақтың 19 елі Еурокомиссияға хат жолдап, ауған мигранттарын елдерінен шығару шараларын күшейтуді және процесті жеделдетуді талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАСТАМАНЫ КІМ КӨТЕРДІ?

Құжатты Бельгия дайындап, оны Германия, Италия, Польша, Грекия, Ирландия және Швецияны қоса алғанда 18 мемлекет қолдады. Сондай-ақ ЕО-ға кірмейтін, бірақ Шенген аймағының мүшесі саналатын Норвегия да бастамаға қосылды.

БҰЛ МӘСЕЛЕ НЕГЕ КӨТЕРІЛДІ?

Еурокомиссия дерегінше, 2024 жылы ЕО елдерінде ауған азаматтарын еліне қайтару туралы шамамен 23 мың шешім қабылданған, бірақ іс жүзінде тек 435 адам депортацияланған.

НЕ ҰСЫНЫЛДЫ?

Хат авторлары депортация мәселесі ЕО елдерінің ортақ жауапкершілігі болуға тиіс деп санайды. Олар депортацияны жеделдету үшін жаңа құқықтық және практикалық тетіктерді қарастыруды, әсіресе қоғамдық тәртіпке немесе ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін мигранттарға қатысты шараларды күшейтуді ұсынды.

Серіктес жаңалықтары