×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алматыда саяси белсенді Ермек Нарымбаев ұсталды

06.02.2022, 09:39
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Алматыда белсенді Ермек Нарымбаев ұсталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, Нарымбаевты көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Алматы әуежайының аумағында ұстаған. Белсенді сол кезде Киевтен ұшып келген.

Сонымен қатар, ведомство белсендінің іздеуде жүргенін және ол Қылмыстық кодекстің 174-бабы («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» ) бойынша бас бостандығынан айырылғанын атап өтті.

«Сот үкімін орындау үшін Нарымбаев Е.Е тергеу изоляторына қамалды», - делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары