×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Зеленский мен Трамп: АҚШ Украина әуе қорғанысын күшейте ме

Бүгін, 20:45
Зеленский мен Трамп: АҚШ Украина әуе қорғанысын күшейте ме
Ашық дереккөзден

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа жасаған ресми сапары кезінде Киевке 25 Patriot әуе қорғаныс жүйесін жеткізу туралы ұзақмерзімді келісімшарт жасасу мүмкіндігін талқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ол 19 қазанда журналистермен кездесуде мәлімдеді.

— Біз 25 Patriot жүйесіне арналған келісімшарт дайындап жатырмыз. Бұл – өте маңызды әрі қиын, бірақ ұзақ мерзімді жоба, — деді Зеленский "РБК-Украина"-ға берген сұхбатында.

Президенттің айтуынша, жүйелер жыл сайын түрлі көлемде жеткізіледі. Егер саяси ерік болса, Ақ үй жеткізілім тәртібін өзгертіп, кейбір еуропалық елдер Украинаға кезектен тыс көмек көрсете алады. Сондай-ақ ол кей елдердің Patriot жүйелері бар екенін, Украина жаңа кешендердің орнына соларды қабылдауға дайын екенін еске салды.

Бұған дейін Украина қорғаныс министрі Денис Шмыгаль елдің аспанын ресейлік баллистикалық зымырандардан қорғау үшін кем дегенде 10 қосымша Patriot жүйесі қажет екенін айтқан болатын. АҚШ жеткізу мерзімін нақтылауы тиіс, деп жазды "РБК-Украина".

Зеленскийдің сөзінше, жүйелерді сатып алуға арналған қаражаттың бір бөлігі ЕО-да бұғатталған ресейлік активтер есебінен алынуы мүмкін.

ЗЕЛЕНСКИЙ: ЕУРОПА КӨШБАСШЫЛАРЫ ТРАМППЕН "ТОМАГАВКТАР" ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСЕДІ

Украина басшысы Еуропа елдерінің көшбасшылары Дональд Трампқа Украинаға Tomahawk алысқа ұшатын қанатты зымырандарын беру туралы өтініш жасайтынын хабарлады.

— Біз Трамппен кездескеннен кейін бірден еуропалық көшбасшылармен сөйлестік. Олар да Украинаға Tomahawk зымырандарын беру туралы өтініш білдірмек. Біз тұрақты түрде үйлесіп жұмыс істеп отырмыз, — деді Зеленский "Суспiльне" басылымына.

Вашингтондағы кездесуде, оның айтуынша, сондай-ақ Ресейдің Донецк пен Луганск облыстарынан украин әскерін шығаруы және ықтимал аумақтық келісімдер талқыланған. Алайда Украина ұстанымынан айнымағанын Зеленский атап өтті.

УКРАИНА БУДАПЕШТЕГІ КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСУҒА ДАЙЫН

Зеленскийдің айтуынша, Украина АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путиннің Будапештте өтетін келіссөзіне қандай да бір форматта қатысуға дайын.

Бұл кездесу үшжақты немесе екіжақты форматта өтуі мүмкін. Дегенмен Зеленский Будапешттің Украина үшін тарихи тұрғыда қолайсыз орын екенін айтты.

Financial Times басылымының 19 қазандағы ақпаратына сәйкес, Трамп 17 қазанда Ақ үйде өткен кездесуде Зеленскийге Ресейдің шарттарын қабылдауға кеңес берген, әйтпесе Путин "Украинаны жойып жібереді" деп ескерткен.

Серіктес жаңалықтары