×
538.12
627.02
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.12
627.02
6.65

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкцияларды кейінге қалдырды

Бүгін, 09:23
АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкцияларды кейінге қалдырды
Фото: AP Photo

АҚШ Сенаты Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы заң жобасын Дональд Трамп пен Владимир Путиннің Будапештте өтетін кездесуінен кейін ғана қарамақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Bloomberg агенттігі Сенаттағы республикалық көпшіліктің жетекшісі Джон Тунның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

- Қазір бұл процесті уақытша тоқтатып тұрмыз, — деді сенатор.

Құжатқа сәйкес, АҚШ президенті Ресейдің энергия тасымалдаушыларын сатып алуды жалғастырып жатқан әрі Украинаға айтарлықтай қолдау көрсетпейтін елдерден әкелінетін тауарларға 500%-ға дейін баж салығын енгізу құқығына ие болады, деп нақтылайды DW. Бұл шаралар, әсіресе, Қытай мен Үндістан сияқты елдерге әсер етуі мүмкін.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін өткен аптада Тун бұл бастама бойынша дауыс беру 30 күн ішінде өтуі мүмкін екенін айтқан. Алайда, 100 сенатордың кемінде 85-і қолдағанына қарамастан, заң жобасы бірнеше ай бойы алға жылжымай тұр.

Серіктес жаңалықтары