×
538.12
627.02
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.12
627.02
6.65

Депутат: Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген заң жобасы шикі әрі түсініксіз

Депутат: Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген заң жобасы шикі әрі түсініксіз
Ulysmedia

Мәжіліс тыңдалымында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға енгізілетін түзетулерді баяндады. Құжатта «медициналық туризм», «трансляциялық медицина», «жалған медициналық бұйымдар», «ресми дистрибьюторлар тізілімі» сияқты жаңа ұғымдар енгізу ұсынылған. Сондай-ақ биомедициналық зерттеулер жүргізу тәртібі мен клиникалық орталықтардың ұлттық тізілімін құру қарастырылған. Дәрігерлерді даярлаудың жаңа моделі енгізіліп, интернатура кезеңінде тәлімгерлік пен өңірлік бағдарлау жүйесі іске асырылмақ. Сонымен қатар ұлттық оператордың өкілеттігі нақтыланып, медициналық инфрақұрылымды дамыту мен жоспарлау бағыттары айқындалады. Тыңдалым барысында вице-министр депутаттардан сөз естіп, ескерту алды. Ulysmedia.kz тілшісінің арнайы материалы.

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған жаңа заң жобасын қатаң сынға алды. Оның айтуынша, құжат шала дайындалған, ал кейбір тұстарында күмәнді әрі екіұшты тұжырымдар өріп жүр.

-Шынын айтсақ, заң жобасы шикі. Жоба мұндай күйде Мәжіліске келмеуі керек. Құжат шикі, нақты ұғымдар мен анық тұжырымдар жоқ. Парламентке енгізіп алайық, кейін депутаттар түзетіп алар деген қағидатпен дайындалған сияқты әсер қалдырады, - деді. 

Аймағамбетовтің пікірінше, министрлік бұл бастаманы жүйесіз, кәсіби сараптамасыз әзірлеген. Ол ведомствоны заң жобасын қайта қарап, мамандар мен қоғам пікірін ескеруге шақырды.
Депутат сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы реформалар қағаз жүзінде емес, нақты нәтиже беретіндей деңгейде пісіп-жетілуі керек екенін ескертті.

Сондай-ақ, мәжілісмен Ринат Зайытов та Денсаулық сақтау министрлігінің саясатын сын тезіне салды. Ол министрлік өкілдерінен медициналық көмектің әділ көрсетілуіне қатысты сауал қойды. Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда ақылы және тегін медициналық қызметтің арасындағы алшақтық халық арасында теңсіздік туғызып отыр.

Ринат Зайытов бұған дейін де Мәжілісте өткен жиындардың бірінде вице-министрден «ақшасы барды емдеп, ақшасы жоқты емдемеу» туралы  сұрағанын еске салды. Оның сөзінше, министрлік сол уақытта «Бұл – Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанып отырған саясаты» деп жауап берген. 

-Сондықтан алдымен заңды емес, министрліктің саясатын өзгерту қажет сияқты. Президенттің жһолдауында міндетті емес, ерікті медициналық сақтандыру жайлы айтылған. Ал оны кім міндеттіге айналдырды? Бұдан бөлек, сіздер шетелден емделушілерді тарту арқылы медициналық туризмді дамытамыз дейсіздер. Неге керісінше, шетелден мықты дәрігерлерді шақырып, осында ем жасамаймыз? Құрылғы да, аурухана да, науқас та осында тұр. Нәтиже қайда? — деді депутат.

Бұл сауалға Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жауап берді. Оның айтуынша, ерікті медициналық сақтандыру – азаматтардың қалауы бойынша жүзеге асатын бөлек жүйе, ал міндетті медициналық сақтандыру — заңмен бекітілген жүйе.

Серіктес жаңалықтары