×
538.11
623.51
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.11
623.51
6.61

Шерзаттың отбасы жаңа үйге қоныстанды

Бүгін, 08:04
Шерзаттың отбасы жаңа үйге қоныстанды
Видео кадры

Талғардағы төбелес кезінде қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев хабарлады. Ол Қаржаубай отбасы халыққа алғысын білдіргенін атап өтті. Адвокаттың сөзінше, үйді салуға екі кәсіпкер көмектескен. 

- Гүлбарам ханымның жүзінен куанышпен күлкі көру біз үшін сол күні бақыт болды! Осы қуаныштың орнауына тілектес болған барлық адамдарға Қаржаубай отбасының және өз атымнан алғыс білдіремін. Қазағымды бірлігінен ажыратпасын! Айтпақшы қолдаушыларымыздың арасында бейне камера сататын жомарт жандар барма? Маған енді бұл отбасының қауіпсіздігі маңызды, дейді адвокат. 

ҮЙДІҢ ӨРТЕНУІ

Еске салайық, былтыр 12 қазанда Шерзаттың үйін сағат түнгі 00.30 шамасында әлдекімдер өртеп кеткен еді. 

Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа үйдің өртенгенін көршілері айтқан. Сонымен қатар, Шерзаттың туыстары үйдің өртенуін күдіктілер жақтан көрген. 

Серіктес жаңалықтары