24 қазан күні Ресей президенті тасымалдаушыларға арналған ерекше талаптардың мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Владимир Путин «Ресей Федерациясының Қазақстанмен шектес бөлігінде кедендік реттеудің ерекшеліктері туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 10 желтоқсанға дейін Қазақстан мен Қырғызстаннан Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) өндірілгенін растайтын таңбасы жоқ тауарларды автокөлікпен Ресейге әкелуге рұқсат берілді.
ШАРТТАР
Мұндай тауарларды әкелу кезінде тасымалдаушыда ресейлік кеден органдарына арналған жүк алушының арнайы хабарламасы болуы қажет. Онда жүк алушы тауарды Ресей Федерациясының кеден заңнамасына сәйкес декларациялауға міндеттенеді.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін Қазақстан Ресеймен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде халықаралық жүк және жолаушы тасымалдаушыларға қатысты жаңа көші-қон шектеулерінің күшін жойған болатын.