×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

«Росатом» санкцияға іліксе, үкіметтің «Б жоспары» бар ма?

Бүгін, 12:40
«Росатом» санкцияға іліксе, үкіметтің «Б жоспары» бар ма?
ulysmedia коллажы

Атом энергиясы агенттігінің басшысы Алмасадам Сатқалиев Қазақстанда салынып жатқан атом электр станциясына (АЭС) қатысты «Егер «Росатом» корпорациясы санкцияға ұшыраса, үкіметтің «Б жоспары» бар ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Ақорда кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берген Сатқалиевтің айтуынша, халықаралық келісімдерде арнайы «санкциялық ережелер» қарастырылған.

«Қазақстан барлық санкциялық талаптарды орындайды және халықаралық сауда процестеріне ашық қатысушы болып табылады. Біз серіктестерімізге қатысты санкциялар енгізілуі мүмкін деген барлық тәуекелдерді мұқият бақылап отырмыз.
Оның ішінде барлық ірі келісімдерде заң жүзінде бекітілген, яғни «санкциялық ережелер» бар. Бұл ережелер осындай санкциялар енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасын туындайтын салдардан толық қорғайды», — деді Сатқалиев.

Контекст

Айта кетсек, 8 тамыз күні Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасын іске асыру ресми түрде басталған. Жобаның консорциумын Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы басқарады.

Серіктес жаңалықтары