×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

АЭС құрылысы орнында жұмысшылар ауылы салынады

АЭС құрылысы орнында жұмысшылар ауылы салынады
Ulysmedia.kz коллажы

Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, елімізде салынатын атом электр станциясының (АЭС) құрылысы жүретін жерде уақытша жұмысшылар ауылы тұрғызылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сәтқалиевтің мәліметінше, қазір жобалау және зерттеу жұмыстары басталып кетті. «Росатом» компаниясы 30-дан 150 метрге дейінгі тереңдікте 70-ке жуық ұңғыма бұрғылап, топырақ сынамаларын алған. Бұл мәліметтер сейсмикалық және картографиялық зерттеулермен бірге техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық құжаттамаға енгізіледі.

- Жұмыстар МАГАТЭ стандарттарына сәйкес шамамен 18 ай бойы жүргізіледі. Осы кезеңнен кейін АЭС салынатын нақты орын мен инженерлік инфрақұрылым тартылатын бағыттар анықталады. Сондай-ақ жұмысшыларға арналған уақытша ауылдың орналасуы да белгіленеді, – деді Сәтқалиев.

Оның айтуынша, қазақстандық үлесті арттыру мәселесі де қарастырылып жатыр. Яғни ел ішінде өндірілетін және шетелден сатып алынатын жабдық түрлері нақты жобада көрсетіледі.

Агенттік басшысы «инженерлік жұмыстарды “Росатом” өз қаражаты есебінен бастап, қазақстандық және ресейлік екі ғылыми институт мамандарын тартқанын» айтты.

- Зерттеу және инженерлік жұмыстарға шамамен 1000 адам қатысады, олардың басым бөлігі қазақстандықтар болады, – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Серіктес жаңалықтары