×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

Алматыдағы тарихи ипподромды бұзып орнына үй салмақшы

Бүгін, 23:00
Алматыдағы тарихи ипподромды бұзып орнына үй салмақшы
Әлеуметтік желіден

Бұл туралы журналист Нұрсейіт Жылқышыбай парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ҚЫП-ҚЫЗЫЛ АҚША ҒОЙ...”

Журналистің ақпаратынша 1930 жылы салынған ипподромның орнына үй салынбақ екен.

“Қазақ жылқы құмар, жылқы қадірлеген деген сөз далбаса сөз-ау. Алматыда 1930 жылы салынған тарихи ипподром біреулердің көз құртына айналыпты. 40 гектардан астам жер қып-қызыл ақша ғой. Соған тарсылдатып тұрғын үй салмақшы. Сонда тарихи нысанның құны көк тиын ба? Онсыз да автокөлікке толған Алматы көк түтінге қақалып тұр” - деп жазды Жылқышыбай.

ТЕК ТАРИХИ МЕКЕН ЕМЕС

Жылқышыбай ипподромның тек тарихи орын ғана емес қазірдің өзінде түрлі ат жарыстары өтетінін алаң екенін айтып араша түсті. 

“Бұл ипподромның кермесінен сонау екінші дүниежүзілік соғыста да арғымақтар түрды. Бұл жерде міністі және желісті аттар үшін 2 жүрделі және 2 жүріс жолы, түрлі ойындар мен ат спорты жарыстарын өткізіледі. 3 мың орындық трибунасы бар. Желісті жылқылар үшін жолдардың жасанды жамылғылары бар, бұл жаттығуды жыл бойы жүргізуге мүмкіндік туғызады. Ипподромда аумағындағы 500 орындық атқора, малдәрігерлік емдеу орталығы, аттарды шомылдыратын бассейн, ұстахана, аттарды жалдайтын пункт, “Тұлпар”, қонақүйі, жылқы шаруашылығы мұражайы орналасқан. Ипподромда ат спортынан ойындар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүлдесі үшін ат спортынан дәстүрлі жарыстар мен мерекелер өткізіледі” – дейді журналист.

ПАРИЖДІҢ ӨЗІНДЕ 250 ИППОДРОМ БАР

Журналист Еуропа елдерінің тәжірибесін мысалға ала отырып сөйледі.

“Франция астанасы бір Париждің өзінде 250 ипподром бар. Ал біз Алматыдағы жалғыз ипподромды көп көріп отырмыз. Біз қазір Алматыны құртып біттік. Алатау баурайындағы әсем қаланыің табиғатын ластадық. Тарихи нысандар жойылып барады. Үй салып, үй сату. Ол үйдің бағасы әкеңнің құнынан артық. Үй дегенде де ол қуанышта та сыйламайды. Он-жиырма жылға кредидтке қораға тығады. Бұл мәселеге қатысты қазір жүздеген атбегі ашу үстінде отыр. Бұл мәселені керек болса, президент деңгейіне дейін апарамыз. Мен де ат ұстап, ат жүгіртіп жүрген қазақпын. Бұл үлкен мәселе – деп жазды Нұрсейіт Жылқышыбай.

ҚОРҚЫТЫП-ҮРКІТУ БАСТАЛДЫ

Нұрсейіт Жылқышыбайдың осы жазбасынан кейін оған түрлі қоңыраулар түсіп қорқытулар болған. Бұны спорт журналисі Аслан Қаженов жазды. 

“Кімнің қандай интересі бар екенін білмедім. Бірақ, тарихи нысан сүрілмеу керек. Оның артында үлкен тарих жатыр. Басқа, жағынан стратегиялық нысан саналады. Алматы сияқты сейсмикалық қауіпті аймақтарда ашық алаңдар болуы маңызды. Кезінде ипподромның қалай жекенің қолына өтіп кеткенін де түсінбеймін. Қысқасы, бұл атшабар жергілікті әкімдіктің не спорт минимтрігінің баланысына алынып, жан-жақты қорғалуы қажет” – дейді Аслан Қаженов.

Алматы республикалық ипподромы — Қазақстандағы ең көне спорттық кешендердің бірі. Ол 1930 жылдың наурыз айында құрылған және сол кезден бастап ат спорты жарыстары мен жылқы селекциясын дамытуда маңызды рөл атқарып келеді.

Серіктес жаңалықтары