×
530.15
617.47
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.15
617.47
6.64

Қазақстанда қанша адамның ұлтын ауыстырғаны белгілі болды

Бүгін, 20:40
Қазақстанда қанша адамның ұлтын ауыстырғаны белгілі болды
Ulysmedia коллажы

2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында ұлтын ауыстыруға байланысты 2272 құжат толтырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2025 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанда азаматтардың ұлтын ауыстыруына байланысты 2272 формуляр толтырылған – бұл паспорт немесе жеке куәлік алу үшін рәсімделген құжаттар.

Қай ұлттан қай ұлтқа ауысқаны туралы нақты мәлімет жоқ. Бірақ аймақтық бөлініс бар: соған сәйкес, ұлтын ауыстыруға ең көп қызығушылық Алматы тұрғындары арасында байқалған. Қалада әр 10 мың адамға шаққанда 2,5 формуляр рәсімделген.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстан азаматтығынан шығуға қатысты өтініштер саны 22 есе азайғаны хабарланған болатын.

Ал журналистер Киев облысындағы Обухов аудандық кеңесінің депутаты, Юлия Тимошенконың «Батькивщина» партиясынан сайланған Анастасия Орлова Қазақстан мен Ресей азаматтығына ие екенін анықтаған еді. 

ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕСІ

Зерттеу барысында Орлова бірнеше рет тегін өзгерткенін және бұл әрекет шынайы жеке басын жасыру мақсатында жасалуы мүмкін екенін анықталды.
Украинаның қауіпсіздік қызметі оны Сморкалова Анастасия Юрьевна, 1977 жылы туған, Семей облысының Жарма ауданындағы Георгиевка-4 әскери қалашығының тумасы, Қазақстан және Ресей азаматшасы ретінде таныған.

ПАСПОРТ ДАУЫ

2013 жылдың қазан айында ол Сум облысына украин паспортына өтініш бергені белгілі болды. Өтінішінде құжат Конотоп аудандық ІІБ-де рәсімделгенін мәлімдеген. Алайда ресми жауапта бұл мәлімет расталмаған.

Серіктес жаңалықтары