×
530.15
617.47
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.15
617.47
6.64

Қонаевтың көмекшісі болған - депутат Бабақұмаровқа жазба арнады

Бүгін, 23:35
Қонаевтың көмекшісі болған - депутат Бабақұмаровқа жазба арнады
Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров бұрынғы әкім орынбасары Ержан Бабақұмаровтың қазасына байланысты жүрек тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ТАҒДЫР ЖОЛЫМЫЗДЫ БӨЛІП ЖІБЕРГЕН...”

Депутат өзінің Facebook парақшасында марқұммен арадағы достық байланысын, оның адамгершілік қасиеттерін еске алды.

«Бүгінгі таңертеңгі жаңалық төбеме жай түскендей әсер етті. Ержан Бабақұмаров менің байырғы досым еді. Тағдыр екеуіміздің жолымызды бөліп жіберген. Ол мансапқа, тәртіпке, жүйеге көп мән беретін. Мен араласу-құраласу, өзара адами қатынас маңызды деп есептедім», — деп жазды депутат.

“ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ”

Сайыров марқұмның өмірге, адамдарға деген көзқарасы, принципшілдігі туралы ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Ержан Бабақұмаров өте таза, кірпияз және адамгершілігі мол тұлға болған.

«Ол жөнінде айтылып жүрген жөнсіз әңгімелердің біреуі де шындыққа жанаспайды. Мен Ержанды 1997 жылдан білемін. Өте талантты, жанұясын жақсы көретін азамат еді. Өз ұғымында патриот және мемлекешіл болатын», — деді Ерлан Сайыров.

“ҚИНАЛЫП КЕТКЕН ТӘРІЗДІ”

Депутат досының соңғы жылдары қиын кезеңнен өткенін де атап өтті.

«Аяққы жарты жылда жұмыссыз жүріпті. Мен де он жылға жуық уақыт ресми түрде жұмыссыз болғанмын, бірақ отбасымды асырадым. Ержан ресми жұмыссыз жүргеніне қиналып кеткен тәрізді. Қазір ойлап отырмын, егер ол маған хабарласса, бәлкім бәрі басқаша болар ма еді», — деп өкініш білдірді ол.

“ҚОНАЕВТЫҢ КӨМЕКШІСІ БОЛҒАН”

Ерлан Сайыров жазбасында Ержан Бабақұмаровтың шыққан тегіне де тоқталды. Оның айтуынша, марқұм тегін адам болмаған. Тектілердің ұрпағы екен. 

“Ал Ержан Бабақұмаров Дінмұхамед Қонаевтың көмекшісі болған, Қонаевты сатпағаны үшін КГБ түрмеде өлтірген Дүйсетай Бекежановтың жақын туысы. Бауыры! Ержанның Шешесі Талдықорған облысы Әкімінің бірінші орынбасары болған. Асылдардың тұқымы. Адамдарға көмектесуге дайын тұратын. Еңбекке қабілеттілігі зор. Иманды бол, досым менің! Мәңгі жүрегімдесің!” – деп жазды Сайыров.

ЕСКЕ САЛАЙЫҚ

30 қазан күні таңертең Ержан Бабақұмаров 56 жасында кісі қолынан қаза тапты. Полиция ақпаратты растап, адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс адамдар арасында ауызша жанжал туындап, төбелес болған.

ЕРЖАН БАБАҚҰМАРОВ

Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Саяси ғылымдар кандидаты дәрежесін 1994 жылы қорғаған, ал 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Саяси ғылымдар академиясының академигі атанған. Ол ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеді, түрлі стратегиялық және ақпараттық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.

Бабақұмаров 2012–2016 және 2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болды. Бұған дейін мәдениет және ақпарат вице-министрі, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін де атқарған.

Серіктес жаңалықтары