×
530.07
615.2
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.07
615.2
6.58

430 млн теңге ісі: Шымкентте мекеменің бұрынғы басшысы қамалды

Бүгін, 10:17
430 млн теңге ісі: Шымкентте мекеменің бұрынғы басшысы қамалды
Фото: ОКҚ

Шымкентте «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның бұрынғы төрағасы Жандар Омаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол алма бақтарын салуға бөлінген бюджет қаражатын иемдену фактісі бойынша, қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, жұмыстар мен жабдықтардың құнын негізсіз көтеру жолымен ұрлық жасады деген күдікке ілінді.

Бұл мақсатта ол өзімен байланысты «Green Mart Kazakhstan» ЖШС-нің басшысын тартқан. Аталған тұлға бағдарламаға қатысушы болып көріну үшін достары мен туыстарының атына 20 жалған компания тіркеген.

Шын мәнінде бұл тұлғалар ешқандай қызмет атқармаған және жобаға қатыспаған. Жалған құжаттар негізінде Қорға 1,4 млрд теңге көлемінде лизинг алу туралы өтінімдер ұсынылып, олар кейін Қор тарапынан мақұлданған.

Байқау рәсімдерін өткізбестен, жеткізуші ретінде бір ғана қатысушы — «Green Mart Kazakhstan» ЖШС таңдалған. Қаражат түскен соң, оның бір бөлігі кәсіпорындардың есепшоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Сонымен қатар жабдықтар қымбат бағамен жеткізілген, ал жұмыстар орындалмаған. Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 430 млн теңгеден асты.

АҚ-нық бұрынғы төрағасы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары