×
530.07
615.2
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.07
615.2
6.58

ІІМ пранк жасағыштар қалай жазаланатынын түсіндірді

Бүгін, 17:07
ІІМ пранк жасағыштар қалай жазаланатынын түсіндірді
Ulysmedia.kz коллажы

Ішкі істер министрлігі пранк жасайтындардың көбеюіне байланысты азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев соңғы уақытта әлеуметтік желілерде “хайп”, лайк немесе түрлі конкурстар үшін жасалатын арандатушылық әрекеттер көбейіп бара жатқанын атап өтті. Кейбір жастар сауда орталықтарында немесе көшеде айғайлап, жартылай жалаңаш жүгіріп, жұртқа кедергі келтіріп, өздерін “шоу” етіп түсіріп жүр.

Мұндай әрекеттер үшін заңда жауапкершілік қарастырылған.

- Жуырда елордада болған осындай оқиға бойынша құқықбұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Лайк жинау үшін жасалған мұндай әрекет батылдық та, креатив те емес. Бұл – қоғамдық тәртіпті бұзу, көпшілікке құрметсіздік көрсету, ар-ұятқа жат қылық. Қоғамдық орында жасалған кез келген заңға қайшы немесе ұят әрекетке жол берілмейді, – дейді Әлекешев.

Олар заңға сәйкес жауапқа тартылады.

- Баршаға, әсіресе жастарға айтарымыз: күмәнді интернет-трендтерге ермеңіздер. Өзіңізді де, айналадағы адамдарды да құрметтеңіздер. Нағыз құрмет пен абырой жақсы іс, пайдалы ой, дұрыс әрекет арқылы келеді. ІІМ мұндай жағдайларға қатаң тосқауыл қойып, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыратын болады, - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі. 

ДЕПУТАТТЫҢ ҰСЫНЫСЫ

Еске салайық, бұған дейін депутат Нартай Сәрсенғалиев пранк жасағыштардың парақшаларын бұғаттауды ұсынған болатын. 

Серіктес жаңалықтары