 
                    «Қазгидромет» синоптиктері 1 қараша, сенбі күні Қазақстанның 16 облысына ауа райын болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жамбыл облысында түнде және таңертең оңтүстікте, таулы аудандарда тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, кей жерлерде 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с. Батыс пен солтүстікте төтенше, орталық пен шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда түнде және таңертең тұман, желдің екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында солтүстікте күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан, кей жерлерде 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман, желдің екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан, солтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан, кей жерлерде 15-20 м/с, шығыста кейде 23-28 м/с. Батыста өрт қаупі жоғары. Қарағандыда желдің екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысында түнде солтүстік пен шығыста көктайғақ, түнде және таңертең батыс, солтүстік, шығыста тұман. Жел солтүстік-батыстан, батыстан, күндіз шығыста екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте төтенше, оңтүстік-батыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында түнде және таңертең батыс пен орталықта тұман. Төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстік пен орталықта жоғары. Қызылордада жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында түнде таулы аудандарда кей жерлерде жаңбыр, қар, тұман. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан, түнде солтүстік, батыс және таулы аудандарда 15-20 м/с, таулы асуларда 23-28 м/с. Оңтүстікте, шөлді аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда желдің екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында түнде және таңертең оңтүстік пен орталықта тұман. Шығыста жоғары, батыс пен орталықта төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстік пен оңтүстікте тұман. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, батыс, солтүстік, шығыста 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. Өскеменде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кейде 23 м/с.
Абай облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, түнде батыс пен орталықта 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кейде 23 м/с.
Атырау облысында солтүстік пен шығыста күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр. Түнде және таңертең шығыста тұман. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен, күндіз солтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с. Шығыста төтенше, солтүстік-шығыс пен оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында батыс пен солтүстікте тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с, күндіз солтүстік, шығыс, оңтүстікте екпіні 23-28 м/с. Петропавлда түнде және таңертең тұман, көктайғақ, желдің екпіні 25 м/с.
Павлодар облысында солтүстік пен батыста қатты жаңбыр. Түнде және таңертең батыс, солтүстік, шығыста тұман. Жел оңтүстік-батыстан, түнде батыс пен оңтүстікте 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с. Павлодарда желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кейде 23-28 м/с.
Жетісу облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыс, орталық және таулы аудандарда 15-20 м/с, күндіз кейде 23-28 м/с. Батыс пен солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда желдің екпіні 15 м/с.
 
            
             
            
             
            
            