Қарағандыда таңғы 8:00-ден бастап жауған қар аралас жаңбыр салдарынан шамамен 30 жол апаты тіркелді. Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының басты себептері – жылдамдықты және көліктер арасындағы қашықтықты сақтамау, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты өңір жолдарында көктайғақ пайда болып, апат қаупі артқан. Осыған орай патрульдік полиция батальоны күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Қала мен облыс бағыттарында қосымша экипаждар шығарылып, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- Таңғы сағат 08:00-ден бастап қала аумағында шамамен 30 ұсақ жол-көлік оқиғасы тіркелді. Олардың басты себебі – жылдамдықты және арақашықтықты сақтамау. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері көлік иелеріне көліктерін қысқы маусымға дайындап, ауа райына байланысты жылдамдықты азайтуға және қар мен көктайғақ кезінде алыс сапарларға шықпауға кеңес береді. Төтенше жағдайда 102 нөміріне хабарласуға болады.
АУА РАЙЫ
Еске салайық, синоптиктер алдағы күндері елдің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады деп ескерткен болатын.