×
528.31
608.35
6.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
528.31
608.35
6.55

Жолға шықпаңыз - қай өңірлерде жол жабық

Бүгін, 20:40
Жолға шықпаңыз - қай өңірлерде жол жабық
Әлеуметтік желіден

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдар жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жамбыл облысының Жуалы ауданында Момышұлы – Көлтоған – Қошқарата – Қыстоған бағытындағы өңірлік маңызы бар автожол учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Бұдан бөлек, Павлодар облысының полициясы да жүргізушілерге ауа райы жақсарғанша және жол қозғалысы қалпына келгенше сапардан бас тартуға кеңес берді.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында жолдарда жылдамдықты шектеу енгізілген болатын. Ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты 110-нан 80 шақырымға дейін төмендету талап етілді.

Серіктес жаңалықтары