×
524.94
602.79
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.94
602.79
6.45

"Қазақтелекомға" қалай жұмысқа орналасуға болады?

Бүгін, 17:00
"Қазақтелекомға" қалай жұмысқа орналасуға болады?
Ulysmedia.kz коллажы

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында «Қазақтелеком» АҚ әкімшілік директоры және басқарма мүшесі Ержан Мейрамов ұлттық оператор бүгінгі күні қалай жұмыс істейтінін, кадрлар қалай таңдалатынын және басшылық пен қызметкерлерге сыйақы не үшін төленетінін айтып берді.

ЖҰМЫСҚА ҚАЛАЙ ОРНАЛАСУҒА БОЛАДЫ

Сіздерде басшылар қызметке қалай тағайындалады? Әділ конкурстар арқылы ма, әлде «қоңыраулармен» шешіле ме?

– Біз «Самұрық-Қазына» регламенті бойынша жұмыс істейміз. Қатардағы жұмысшыдан директорға дейінгі барлық жұмыс орындары ашық платформаларда жарияланады. Барлық үміткерлер тестілеуден, сұхбаттан, бағалаудан өтеді. Несін жасырайық, қоңыраулар да соғылады, бірақ  бірақ кез келген жұмыс іздеуші аталған процестерден өтеді.

Жастармен жұмыс істеуде қандай ерекшеліктер бар? 

 – Бүгінгі жастар икемді, еркін. Таңдағанды ұнатады. Олар жалақыға ғана емес, жұмыстың мән-маңызына да назар аударады. Бірақ бүгінде жастарға қойылатын талаптар да өсті: қазір ағылшын тілін білу – база. Сандық құзыреттілік, аналитикалық ойлау, soft skills қажет. Кейбір лауазымдарда қазақ тілін білу, әсіресе, өңірлерде халықпен жұмыс істеу кезінде маңызды.

Серіктес жаңалықтары