Аманат партиясының экс-қызметкері Арай Есенбек ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұған дейін Шымкентте шенеуніктен 10 миллион теңге бопсалаған журналист әрі блогер ұсталғанын хабарлаған едік. Halyqstan мәліметінше, ол Аманат партиясының экс-қызметкері Арай Есенбек болып шыққан. Айта кетейік, Есенбектің ұсталғаны туралы журналист Михаил Козачков та жазған.

АМАНАТҚА ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР?
Арай Есенбек биыл сәуірге дейін Аманат партиясының Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы болған.
ТАҒЫ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ АТҚАРҒАН?
Сонымен қатар, Есенбек 2020 жылы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы болып тағайындалған. Оған дейін Шымкент қаласы Ақпараттық коммуникациялық орталықтың директоры болып қызмет еткен.
Еңбек жолын «Хабар» агенттігінде бастап, кейіннен “Оңтүстік” телеарнасы (бұрынғы “Қазақстан-Шымкент” ТВ), “31” арнаның тілшісі және “Азаттық рухы” басылымының тілшісі болған.