×
526.79
606.34
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.79
606.34
6.51

СІМ Қазақстан Авраам келісімдеріне қосылғанын ресми мәлімдеді

Бүгін, 17:07
СІМ Қазақстан Авраам келісімдеріне қосылғанын ресми мәлімдеді
Gov.kz

Сыртқы істер министрлігі еліміздің Авраам келісімдеріне қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Бұл шешім тек Қазақстан мүддесі үшін қабылданды және республиканың теңгерімді, сындарлы, бейбіт сыртқы саясатының сипатына толық сәйкес келеді. Авраам келісімдеріне қосылу еліміздің барлық мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді, яғни Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына толық сәйкес, делінген хабарламада. 

СІМ мәліметінше, Қазақстан әрдайым Таяу Шығыстағы қақтығыстың халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ тиісті қарарларына және «екі халық үшін екі мемлекет» қағидаты негізінде әділ, жан-жақты әрі орнықты реттелуін қолдайды.

АВРААМ КЕЛІСІМІ ДЕГЕН НЕ? 

Авраам келісімдері — 2020–2021 жылдары Израиль мен бірнеше араб мемлекеттерінің (мысалы, БАӘ, Бахрейн, Марокко) арасында дипломатиялық қарым-қатынасты қалып-тастыруға бағытталған келісімдер. 

Келісімнің негізгі мақсаты — аймақтағы тұрақтылықты арттырып, араб елдері мен Израиль арасындағы сауда-инвестициялық, қауіпсіздік саласындағы байланыстарды кеңейту. 

Келісім «Авраам» атауын көне патриарх Авраам-нан алған, ол иудаизм, христиандық және ислам діндерінде ортақ рухани фигура саналады.

Серіктес жаңалықтары