×
526.02
607.55
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.02
607.55
6.5

Ыстамбұл билігі Нетаньяхуды қамауға алу туралы ордер берді

Бүгін, 11:40
Ыстамбұл билігі Нетаньяхуды қамауға алу туралы ордер берді
seattletimes.com

Ыстамбұлдың бас прокуратурасы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға және тағы 36 израильдік шенеунікке қатысты қамауға алу туралы ордер шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Түркия прокуратурасының ресми мәлімдемесінде ордерлер Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға, қорғаныс министрі Исраэль Кацқа, сондай-ақ үкімет пен армияның 35 өкіліне қатысты берілгені айтылған. Бұл ақпарат 7 қараша кешінде прокуратураның X (Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

Ресми хабарламада Израильдің саяси және әскери басшыларына «геноцид» пен «адамзатқа қарсы қылмыс жасау» баптары бойынша айып тағылғаны көрсетілген.

– Израиль Газа секторында жүйелі түрде жасап отырған геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстар салдарынан мыңдаған адам, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты, мыңдағаны жараланды, ал тұрғын үйлер мен елді мекендер қиратылды, – делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Қамауға алу туралы ордер берілгендердің қатарында ұлттық қауіпсіздік министрі, «Еврей күші» партиясының жетекшісі Итамар Бен-Гвир, сондай-ақ Израиль қорғаныс армиясының бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Эяль Замир бар.

Прокуратураның хабарлауынша, бұл ордерлер – «халықаралық гуманитарлық құқықты жаппай бұзу фактілері бойынша қылмыстық тергеудің» бір бөлігі және олардың заңдылығын тану үшін халықаралық сот органдарына жолданады.

Мәлімдемеде аталған шешім тек Газа секторындағы оқиғалармен емес, сонымен қатар «Бостандық флотилиясымен» байланысты оқиғаларға да қатысты екені айтылған. Бұл гуманитарлық көмек тиелген кемелер қазанда Израиль тарапынан ұсталған еді.

Осы миссиялардың біріне экобелсенді Грета Тунберг те қатысқан еді.

Серіктес жаңалықтары