×
526.02
607.55
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.02
607.55
6.5

Зеленскийдің жақын серігі тінту алдында елден қашып кеткен

Бүгін, 21:20
Зеленскийдің жақын серігі тінту алдында елден қашып кеткен
Ашық дереккөзден

Украина Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы Киевте Владимир Зеленскийдің серігі әрі «Квартал 95» студиясының тең иесі Тимур Миндичтің үйінде тінту жүргізді. Журналистердің мәліметінше, Миндич тінту басталардан бірнеше сағат бұрын шетелге шығып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW агенттігіне сілтеме жасап. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

10 қараша, дүйсенбі күні таңертең Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро Украина президентінің жақын серігі, кәсіпкер Тимур Миндичтің үйінде тінту жүргізгенін «Украинская правда» құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. Миндич – «Квартал 95» студиясының тең құрылтайшысы.

Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро бұл операцияны растады, бірақ нақты тұлғалардың аты-жөнін атамады. Ведомствоның Telegram-арнасында: «15 айлық жұмыс, 1000 сағаттық аудиожазба. Жоғары деңгейдегі қылмыстық ұйымның әрекеті құжатталған», – деп жазылған. Операция Украинадағы энергетика саласындағы жемқорлықты әшкерелеуге бағытталған.

Сол күні Украина Жоғарғы Радасының депутаты Ярослав Железняк әділет министрі әрі бұрынғы энергетика министрі Герман Галущенко мен «Энергоатом» компаниясында да тінту жүргізілгенін хабарлады. Бұл ақпаратты «Украинская правда» екі тәуелсіз дереккөз арқылы растаған.

Басылым Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро мен Арнайы антикоррупциялық прокуратураға  ресми түсініктеме алу үшін жүгінгенімен, Арнайы антикоррупциялық прокуратура тергеу әрекеттеріне қатысты пікір білдіруден бас тартқан.

Серіктес жаңалықтары