×
523.58
605.36
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
605.36
6.45

Қалың киіміңіз дайын ба - синоптиктердің болжамы

12.11.2025, 00:05
Қалың киіміңіз дайын ба - синоптиктердің болжамы
Ашық дереккөзден

«Қазгидромет» синоптиктері 12 қараша, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Абай облысында түнде солтүстік-батысында жаңбыр, қар, көктайғақ, төменгі боран күтіледі. Күндіз облыс бойынша осындай құбылыстар сақталады. Түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында тұман болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, батысы, солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. Семей қаласында күндіз көктайғақ, жел 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында түнде және таңертең солтүстігі мен батысында тұман күтіледі.

Ақмола облысында жаңбыр, қар, көктайғақ, төменгі боран күтіледі. Батысы мен оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа, батысқа ауысады, солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қаласында түнде және таңертең көктайғақ болады.

Алматы облысында жел оңтүстік-батыстан, солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қонаев қаласында жел екпіні 18 м/с.

Атырау облысында түнде және таңертең солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батысы, солтүстігі, оңтүстігінде тұман. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысында түнде және таңертең оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, таулы аудандарда 15-20 м/с. Тараз қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысында жел оңтүстік-батыстан, шығысында екпіні 17-22 м/с.

Қарағанды облысында түнде батысы мен солтүстігінде жаңбыр, қар, көктайғақ, төменгі боран. Күндіз облыс бойынша осындай құбылыстар. Жел оңтүстік-батыстан, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қаласында кейде жаңбыр, қар, көктайғақ, төменгі боран күтіледі.

Қостанай облысында түнде жаңбыр, қар, көктайғақ, төменгі боран. Күндіз шығысы мен оңтүстігінде осындай құбылыстар. Түнде және таңертең батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Жел солтүстік-батыстан, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қаласында түнде жаңбыр, қар, көктайғақ, төменгі боран күтіледі.

Қызылорда облысында солтүстігі мен орталығында тұман. Қызылорда қаласында кейде тұман болады.

Маңғыстау облысында батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.

Павлодар облысында жаңбыр, қар, солтүстігі мен шығысында төменгі боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қаласында түнде жел екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр, қар, көктайғақ, төменгі боран. Күндіз солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде осындай құбылыстар. Батысы мен солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-батыстан, батыстан, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында түнде жаңбыр, қар, көктайғақ, төменгі боран, түнде және таңертең тұман.

Түркістан облысында түнде және таңертең солтүстігі мен таулы аудандарында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, таулы асуларда күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз батысы, солтүстігі, шығысында жаңбыр, қар, көктайғақ, төменгі боран. Түнде және таңертең солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, кей жерлерде екпіні 15-25 м/с. Өскемен қаласында күндіз көктайғақ, жел екпіні 15-20 м/с.

Астана қаласында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа, батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары