×
525.28
607.85
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.28
607.85
6.47

Ердоғанның басты қарсыласы 2352 жылға дейін сотталуы мүмкін

Бүгін, 10:10
Ердоғанның басты қарсыласы 2352 жылға дейін сотталуы мүмкін
ekremimamoglu/ instagram

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның негізгі қарсыласы, Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуна бұрын-соңды болмаған жаза – 2352 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Hurriyet газетінің жазуынша, Ыстамбұл бас прокуратурасы ауқымды тергеуді аяқтап, 4000-ға жуық беттен тұратын айыптау актісін дайындаған. Онда барлығы 402 адам аталады. Тергеу нұсқасы бойынша, олардың барлығы Имамоғлуның мүддесіне жұмыс істеген «қылмыстық топқа» қатысы бар. Бас прокурор Акын Гюрлек Ыстамбұл мэрін осы құрылымның жетекшісі деп атады. Қазірдің өзінде 105 күдікті қамауға алынған. Құжатта 143 қылмыстық эпизод сипатталған – олардың ішінде пара алу, ақша жылыстату және алаяқтық бар. Прокуратура мемлекетке келтірілген залалды шамамен 4 миллиард доллар деп бағалаған.

КОНТЕКСТ

Биыл наурыз айында прокуратураның сұранысы бойынша Ыстамбұл университеті Имамоғлу мен тағы 27 адамның дипломын жарамсыз деп таныды. Бұл шешім оның болашақ президенттік сайлауға қатысу мүмкіндігіне қауіп төндіріп отыр. Дипломды қолдан жасау ісі бойынша прокуратура оған 9 жылға дейін түрме жазасын және саяси қызметпен айналысуға тыйым салуды сұрап отыр.

Имамоғлу – Ердоғанның басты қарсыласы. Ол 2019 жылы билік партиясының кандидатын шамамен 12 пайыз айырмашылықпен жеңіп, Ыстамбұл мэрі атанған еді. 2024 жылы ол қайта сайланды. Қазір саясаткер түрмеде отыр. Бұған дейін де сот оған бірнеше үкім шығарған болатын.

Серіктес жаңалықтары