×
524.32
609.05
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.32
609.05
6.52

Екібастұзда ер адам тізесіне салынған екпеден кейін қайтыс болды

Екібастұзда ер адам тізесіне салынған екпеден кейін қайтыс болды
Ашық дереккөзден

Екібастұздың 40 жастағы тұрғыны буынға жасалған инъекциядан кейін бірнеше күн ішінде ауыр халге түсіп, ауруханада жан тапсырды. Туыстары оның өліміне медициналық көмектің сапасыз көрсетілуі себеп болды деп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Марқұм 8 қыркүйекте тізе ауырсынуымен жекеменшік орталыққа барған. 10 қыркүйекте оған буынға инъекция жасалды. Туыстарының айтуынша, келесі күні аяғы ісініп, дене қызуы көтеріліп, жағдайы күрт нашарлаған.

- Сепсис деп жазып отыр. Демек, оған инфекция енген. Біз кінәлілердің жазаланғанын қалаймыз, – дейді туыстары.

Жедел жәрдем бірнеше рет келген. Бірінші шақыруда оны емханаға жүгінуге бағыттаған. Кейбірінде шақыру бойынша толтырған медициналық құжаттарында, яғни ресми есепте ер адамның «ауруханаға жатудан бас тартқаны» көрсетілген.

Алайда жақындары бұл деректі жоққа шығарып, оның қол қоя алатындай күйде болмағанын айтады.

Жағдайы қиындаған соң ол ауруханаға жеткізіліп, жедел ота жасалған. Кейін қала ауруханасының реанимациясына ауыстырылып, 14 қыркүйекте көз жұмды.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары