Ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Бивол әлеуметтік желіде психиатриялық ауруханаға бара жатқанын хабарлаған видео жариялады. Оның айтуынша, бұл шешім оған қатысты түрлі адамдардың, соның ішінде бұрынғы күйеуінің жанкүйерлері мен әпкесінің шағымдарына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Екатерина соңғы екі жылда Қырғызстан мен Қазақстаннан шыққан жанкүйерлердің, сондай-ақ бұрынғы күйеуінің тарапынан үнемі қысым көріп жүргенін айтты. Ол тек үшінші тұлғалардың шағымдары тексеріліп жатқанын, бұл балаларға деген қарым-қатынасына қатысы жоқ екенін атап өтті.
Ол бірнеше жылдан бері қудалау, жеке деректерінің таралуы және қорқытуларға тап болып жүргенін жеткізді. Балаларын өзі асырап отырғанын, алимент пен қамқоршылық мәселелері қосымша күйзеліс тудырып жатқанын айтты.
КЕЙІНІРЕК ХАБАРЛАДЫ
Екатерина ауруханада бұрынғы күйеуі мен оның адвокаттарымен кездескенін хабарлады.
Желіде Екатеринаның ауруханаға шақырылуына себеп болған шағымның суреті де тарады. Құжатта Екатеринаның бұрынғы күйеуі мен оның туыстарына, сондай-ақ шағымданушы мен оның балаларына өлім тілегені, кейде мұндай жанжалдар кезінде балалардың да қатысқаны жазылған.
ҚҰЖАТТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН
Сондай-ақ, құжатта Екатеринаның өзіне және балаларына қауіп төндіргені айтылған. Апатия кезінде «балалармен бірге терезеден секіремін» деп қорқытқаны, күн сайын бірнеше сағат бойы өмірден түңілгенін айтып, өзін өлтіргісі келетінін қайталап жүргені көрсетілген.
Шағымда Екатеринаның әпкесі балаларды уақытша отбасынан алып қою және анасына қатысты шара қолдану мәселесін қарауды сұраған.
ЭКСТРАДИЦИЯ
Еске салайық, Қазақстан Ішкі істер органдары спортшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволды елге қайтару мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұған оның әлеуметтік желілерде қырғыздар мен қазақтарды ұлтына қарай қорлайтын сөздері бар видеоны жариялауы себеп болды.
ҚЫРҒЫЗСТАН
Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасы Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.