×
524.32
609.05
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.32
609.05
6.52

Ильхам Әлиев Ресей қатты ескерту жасады

Бүгін, 20:45
Ильхам Әлиев Ресей қатты ескерту жасады
Ашық дереккөзден

Баку Мәскеуге наразылық нотасын жолдады. Әңгіме зымыран шабуылы туралы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгін, 14 қарашада, Украина президенті Владимир Зеленский Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевке қоңырау шалды. Екі ел көшбасшысы Ресейдің Әзербайжан елшілігіне жасаған зымырандық шабуылын айыптады.

БАКУДЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Әлиев әңгіме барысында қатты алаңдаушылық білдіріп, дипломатиялық өкілдіктерге жасалған мұндай шабуылдардың халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына қайшы екенін атап

ЗЫМЫРАН ШАБУЫЛЫ

14 қараша күні түнгі сағат 01:00 шамасында Киевке жасалған шабуыл кезінде "Искандер" типті зымырандардың бірі Әзербайжан елшілігінің аумағына құлады. Соңғы жарылыстың салдарынан мекеме аумағының қоршауы толықтай қирап, құрылымдар, қызметтік көліктер, әкімшілік ғимарат және елшіліктің консулдық бөлімі зақымданды. Дипломатиялық өкілдікке елеулі зиян келтірілді. Абырой болғанда, адам шығыны тіркелген жоқ.

ҰШАҚ АПАТЫ

2024 жылы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшып шыққан ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшыраған. Сол уақытта ұшақты Грозный маңында Ресейдің әуе қорғанысы жүйесі атып түсіруі мүмкін деген болжам айтылған. Кейіннен Ресей бұл оқиғаға байланысты тергеу тобын құрған. Бірақ оның нәтижесі әлі жарияланған жоқ.

Әзербайжан ұшақ апатына Ресейді айыптап, Ресей президенті Владимир Путинның Илхам Әлиевтен кешірім сұрағаны да айтылған. Бірақ осыдан кейін екі елдің қарым-қатынасы шиеленіскен.

Апатқа ұшыраған ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған, апаттан тек 29 адам аман қалған.

Серіктес жаңалықтары