×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

"Бай болсам, өзім-ақ әперер едім": Мақпал Жүнісова Баян Алагөзоваға үндеу жасады

Бүгін, 17:50
"Бай болсам, өзім-ақ әперер едім": Мақпал Жүнісова Баян Алагөзоваға үндеу жасады
Ulysmedia

Әнші, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова продюсер Баян Алагөзоваға үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мақпал Жүнісова марқұм композитор Арман Дүйсеновтің әйелі Айсұлу Дүйсенованың үйсіз қалғаны жанына батқанын айтты.

–  Мен миллионердің әйелі емеспін, менде артық ақша деген болмайды. Бай болсам, өзім-ақ алып берер едім. (...) Сондықтан мен үй алып беремін деп айта алмаймын. Бірақ мен әкімнің өзіне емес, әкімдіктегі жігіттерге шықтым. “Қалай көмек беруге болады?” деп ақылдастым. Кезінде Зәкең марқұм (марқұм күйеуі – Заманбек Нұрқаділов – ред.) талай өнер адамына кезексіз үй берген еді. Шерхан Мұртаза ағамыздың өзі барып, сол уақытта бір күнде 60 пәтер алып кеткен екен. Бүкіл теле, радио компанияның жұмыскерлері 20-30 жыл пәтер жалдап тұрған екен. Сол жағдайды Зәкең жасап кетіп еді кезінде. Олжас Сүлейменов ағамыз келіп, 20 пәтер алып кеткен екен. Ол кезде әкімдіктің балансында үйлер болған екен. Тасмағамбетов мырзаның кезінде де сондай болған. Қазір ондай заң жоқ екен, баланста үй жоқ, – деді ол Instagram-дағы үндеуінде.

Әнші осы себепті тек бір адамға сеніп отырғанын айтты, ол – продюсер Баян Мақсатқызы.

– Баянның күйеуі миллионер, тіпті миллиардер шығар. Бірақ бір адам байыса, біреу үшін емес, өзі үшін байиды. (...) Арман Дүйсенов Баян Мақсатқызын өте қатты сыйлаған азаматтың бірі. Әңгімесінің бәрінде жоғары баға беріп отыратын. Арман Дүйсенов Баянның көп жобасына атсалысқан. Мықты-мықты әндерін жазып, өңдеуіне дейін жасап беретін. Сосын “досым” деп айтатын. Сондықтан Баянға ғана сеніп отырмын. Жолдасыңыз екеуіңіз ақылдасып, бір үй алып беріңіздер… Жартылай ақшасын біз жинап берерміз. Өзім екі тойға барып, ақшасын көмек ретінде сіздерге берейін. Бірақ қалғаны бере ме, бермей ме – айта алмаймын. (...) Бір пәтер алып берсеңіздер, сіздердің абыройларыңыз одан сайын асқақтайды деп ойлаймын, – деді Халық әртісі.

АРМАН ДҮЙСЕНОВ КІМ?

Арман Дүйсенов – қазақстандық композитор, продюсері және тележүргізуші. 1974 жылы Оралда дүниеге келген. Ол Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын бітіргеннен кейін өнер саласында жан-жақты қызмет етті — музыка кафедрасында сабақ берумен қатар, театрға, теледидарға музыкалық шығармалар жазды және шоуларды продюсерледі.

Арман Дүйсенов өзінің шәкірт тәрбиелеудегі рөлімен де ерекшеленді: көптеген жас талантты әншілер мен орындаушыларды өнерге баулыды. 

Ол 2023 жылғы 24 қаңтарда өмірден өтті.

Серіктес жаңалықтары