×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Турфирма қажылыққа аттанғалы отырған бір топ адамды алдап кеткен

19.01.2023, 09:39
Фото: Ашық дереккөзден

Жолға шыға алмай отырған жолаушылардың сөзінше, Мекке мен Мәдинадағы қонақ үй түгілі, ұшаққа билет алынбапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, олар "Кәусар Трэйвел" деп аталатын турфирмадан 1 мың долларға жолдама сатып алған. Турфирманың жарнамасын әлеуметтік желілерде эстрада жұлдыздары мен белгілі айтыскер ақындар жасағандықтан, оның қызметіне қатысты ешкімде күмән болмаған.

"Кеше білдік, әуежайға да барып біліп жатырмыз, таныстар да хабарласып жатыр. Бронь да жоқ, виза да жоқ, тас та жоқ, бақа да жоқ. Бірақ ватсапта жазып жатыр, "ұшасыздар, ұшасыздар, хақ, иншалла, машалла, ұшасыздар, хақ", айтқан сөзі. "Хақ, хақ" дейді, қане хағы? .Маған мың долларыма мың доллардың үстіне 2 мың доллар ғып маған моральдық шығынмен қосып төлесін. Төлемей ме, мен көрсетемін" -  деді Шымкент тұрғыны Қалдықыз Шекербек.

Серіктес жаңалықтары