Түркістан облысының ТЖД мәліметінше, «Қазавиаспас» тікұшағы Түркістан облысының Жетісай ауданынан санитарлық рейспен ұшты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Экипаж Алғабас ауылындағы өрттен зардап шеккен, 1986 жылы туған ер азаматты жеткізді.
- Тасымалдау қажет болды, себебі Түркістан облыстық ауруханасы Шымкент қаласында орналасқан, ал Жетісай ауданында жедел көмек көрсетуге қажетті арнайы аппараттардың саны шектеулі, – делінген ақпаратта.
Ер адам Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді.
ӨРТ
Еске салайық, 18 қарашада Түркістан облысындағы Алғабас ауылында жеке үйден өрт шығып, 12 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.